6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық теннисші, 2022 жылға қарағанда, биыл 2 миллион долларға көбірек пайда тапқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Metaratings мәліметінше, ең табысты теннисші – Ига Швентек. Кейінгі жарыста жеңіске жеткен Швентек 9,86 млн доллар пайдаға кенелген.
Қорытынды турнирге дейін табыстар бойынша рейтингте белорус Арина Соболенко көш бастап тұрған, алайда Канкундегі жеңіс Игаға 3 млн доллардан астам пайда әкелді. Белорус қызы 8,2 млн доллармен екінші орынға жайғасты. Сөйте тұра өткен жылғымен салыстырғанда шамамен 6 млн доллар артық табыс тапқан.
Алғашқы бестікке Коко Гауфф (6,67 млн), Джессика Пегула (5,97 млн) және Елена Рыбакина (5,49 млн) енген.
Айта кетейік, былтыр қазақстандық теннисші 3,57 млн доллар қаражатқа иелік еткен.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі