Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихыӘлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина биыл қатарынан үш матчта 10-нан астам эйс жасаған бірінші теннисші атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
OptaAce ресурсынан мәлім еткендей, қазақстандық теннисші бұл бірегей нәтижеге АҚШ-та өтіп жатқан Майами мастерс турнирінде қол жеткізді.
Елена Рыбакина ресейлік Анна Калинскаямен өткен матчта 14, испаниялық Паула Бадосамен болған ойында 12, бельгиялық Элиза Мертенспен бәсекеде 10 эйс жасады.
Айта кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.
Елена төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған бельгиялық Элиза Мертенспен шеберлік байқасып 1 сағат 46 минутқа созылған ойында 6:4, 6:3 есебімен оңай ұтты. Бұл – Еленаның қатарынан он бірінші жеңісі Рыбакина жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасының жартылай финалына шығу үшін әлемнің 24-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен кездеседі.
Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихы15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады