Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Электронды үкімет» бастамасы аясында eGov Mobile мобильді қосымшасы және сыртқы платформалар арқылы 35 млн қызмет көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметтің мәліметінше, бүгінгі таңда барлық мемлекеттік қызметтердің 93,3%-ы электронды түрде қолжетімді, бұл цифрландырудың жоғары деңгейін және тұрғындар үшін мемлекеттік сервистердің қол жетімді болуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының Бірыңғай платформасын енгізу жалғасуда, қазірдің өзінде 4055 сайт жасалды. Бұл көрсетілетін қызметтің айтырлықтай қол жетімді болуын әрі сапасын жақсартады.
Бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және енгізу рәсімдерін жеңілдету үшін «QazTech» платформасы пайдаланылады. Мысалы, су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін бірыңғай qoldau.gov.kz порталы іске қосылды.
Сондай-ақ мемлекеттік органдардың цифрлық трансформациясын жеделдететін заңнамалық нормалар қабылданды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары