8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уағыз және тәлімгерлік бөлімінің басшысы Батыржан Мансұров электронды темекіні қолдануға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Темекі шегуге қатысты біздің ислам ғалымдарының арасында бірнеше көзқарас бар. Бірқатар ғалым темекінің денсаулыққа зиян екенін алға тарта отырып, харам деп үкім берген. Өйткені Алла тағаланың қасиетті Құранда «Сендер өздеріңді өз қолдарыңмен құрдымға ұшыратпаңдар» деп айтқан аяты бар, - деді Батыржан Берденұлы.
Діни басқарма басшысының айтуынша, ханафи мазхабының ғалымдары темекі шегуді 4 нәрсеге байланысты харам екенін атап өткен.
Біріншісі, денсаулыққа зияндығы. Екіншісі, оның есірткінің бір түрі әрі адамның әлін кетіретін зат болғандығы. Үшіншісі, оның жағымсыз иісінің темекі шекпейтіндерге көбірек зиян тигізетіндігінде. Төртіншісі, темекінің ысырапшылдығында, - деді Батыржан Мансұров.
Сонымен қатар Батыржан Берденұлы темекі шегуге қатысты ғалымдардың айтқан сөздері мен қасиетті Құранда жазылған дәлел-дәйектерді ескере отырып, бір шешімге келдік дейді.
Электронды темекі адамның денсаулығына зиян болғандықтан және ысырапқа жол беретіндіктен, харам болып есептеледі, оны қолдануға болмайды деп шештік. Халқымызда «Денсаулық – зор байлық» деген бар. Сондықтан темекі шегу және басқа да адам денсаулығына зиян келтіретін дүниелерге қатысты сауалдарға біз әрқашан хадистермен, аяттармен, ғұламалардың дәлел-дәйектерімен жауап беріп отырамыз, - деді ол.
8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін