Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихыҚазір электронды еңбек биржасында 106,7 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев электронды еңбек биржасының мүмкіндігі туралы айтты.
Оның мәлімдеуінше, аталған платформа кәсіби бағдар мен дағдыларды игеруден бастап, жұмыспен қамту, еңбек қатынастарын ресімдеу тағы сол сияқты қызметтердің супермаркетіне айналған.
«Бизнестің ұлттық жобалары мен жеке бастамалары шеңберінде құрылатын барлық жұмыс орындары электронды еңбек биржасында жарияланады. Бүгінде платформа жұмыс және жұмысшыларды іздеудің бірыңғай алаңына айналды. Қазір электронды еңбек биржасында жұмыс берушілерден 106,7 мыңнан астам бос жұмыс орны, ал жұмыс іздеушілерден 134,8 мыңнан астам түйіндеме жарияланған. Жыл басынан бері электронды еңбек биржасы арқылы 445,1 мың адам жұмыс тапты», – деді Олжас Ордабаев брифингте.
Айта кетсек, биыл ұлттық жоба аясында 230 мың адам жұмыспен қамтылған.
Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихы15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады