Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҰлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде 21 мыңнан астам электромобиль тіркелген. Аккумулятормен жүретін көліктер жыл санап көбейіп жатыр. Осы орайда Ішкі істер министрлігі аталған көліктерге қатысты тосын мәлімдеме жасады.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтуынша, ІІМ экологиялық көліктер үшін жасыл түсті фонмен ерекшеленетін арнайы нөмірлерді енгізу мәселесін қарап жатыр. Жауаптылар бұл техникалық мәселелерді шешуге көмектеседі деп отыр.
Электромобильдердің мемлекеттік нөмірінің фонын өзгерту қажет. Әлемде қалыптасқан тәжірибе бар, олар жасыл түске боялады, сондықтан бұл мәселе қарастырылып жатыр және қолдау тапты, – деді ІІМ басшысының орынбасары Санжар Әділов.
Елімізде электромобильдер қозғалысын реттейтін заң бар. 2024 жылдың 18 қыркүйегінен бастап Қазақстанда электромобиль иелері коммуналдық ақылы тұрақтарда тегін тұрады. Десе де қолданыстағы автоматты тіркеу жүйелері, тұрақтар мен экобекеттердегі камералар көбіне электромобильді басқа көліктен техникалық тұрғыда ажыратуға қауқарлы емес. Қуаттау құрылғылары турасында мәселе тағы бар. Сондықтан Мәжілістің Экология жөніндегі комитеті нөмірлер үшін бөлек фон түсін пайдалануды ұсынған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары