2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Электр энергиясының бөлшек сауда нарығына талдау жасалды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланды.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Шымкент қаласында 2018-2020 жылдарға және 2021 жылдың жартыжылдығына электр энергиясын бөлшек саудада өткізу нарығына талдау жүргізді.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің «Энергоснаб XXI» ЖШС қатысты бұйрығымен, сондай-ақ Түркістан облысы Департаментінің бұйрығымен «Казсбытгрупп» ЖШС, «Гарант Энерго» ЖШС, «ЮгЭнергоимпульс» ЖШС қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргізілді. Шымкент қаласы бойынша департаменттің бұйрығымен «Энергоснаб XXI» ЖШС, «Казсбытгрупп» ЖШС, «Гарант Энерго» ЖШС, «ЮгЭнергоимпульс» ЖШС қатысты тергеу біріктірілді.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Гарант Энерго» ЖШС, «Энергоснаб XXI» ЖШС және «Казбытгрупп және «Югэнергоимпульс» ЖШС нарық субъектілерінің әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтады.
Жоғарыда көрсетілген нарық субъектілеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік іс сотқа жіберілді.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс