23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБҚО әкімі Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен Антарктиданы жүзіп өткен Анель Сытдықовамен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовпен және әлемге танылған жүзуші Анель Сытдықованы қабылдаған.
Кездесу барысында Елдос Сметов өңірдегі спорт саласының жетістіктерімен танысып, болашақ жоспарларымен бөлісті. Әкім чемпионға қазақ елінің мақтанышына айналғаны үшін алғыс айтып, алдағы жарыстарында сәттілік тіледі.
Сенің жеңістерің – жастар үшін үлгі. Олимпиада ойындарында сен үшін барша қазақ елі жанкүйер болды. Әрқашан табысқа жете бер, - деді Нариман Төреғалиев.
Сондай-ақ, әкім Антарктидада 750 метр қашықтықты 18 минутта жүзіп өткен, ТМД елдері арасында алғаш болып бұл ерлікке қол жеткізген жерлесіміз Анель Сытдықованы қабылдады. Ол өзінің жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.
Облыс басшысы Анель Сытдықованың табандылығы мен ерік-жігерін жоғары бағалап, спорттық мансабында жаңа белестерді бағындыруына тілек білдірді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады