18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Халықаралық дзюдо федерациясы 2024 жылғы IJF Judo Awards марапатына үміткерлердің тізімін жариялады. Бұл марапат спорттық маусымның қорытындысын шығарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандық федерация мәліметінше, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов «Ерлер арасындағы жылдың үздік дзюдошысы» (Male Judoka of the Year) марапатына үміткер болды, ал Ғалымжан Қырықбай «Үздік иппон» (Best Ippon) номинациясында ұсынылды.
«Ерлер арасындағы жылдың үздік дзюдошысы» марапатына үміткер ретінде Париждегі Олимпиада ойындарының жеті жеңімпазы кірген. Ал «Үздік иппон» номинациясында 20 дзюдошының ең үздік техникасы іріктелген.
2024 жылғы IJF Judo Awards марапаты сегіз категориядан тұрады, онда 63 үміткер бар. Жеңімпаздарды таңдау екі кезеңнен өтеді. Бірінші кезең – онлайн дауыс беру, екінші кезең – IJF Judo Awards комитеті тізім бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Дауыс беру 10 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін жалғасады. Әр қатысушы, әр номинацияда бір дауыс бере алады. Дауыс берілген соң оны өзгерту мүмкін емес.
Марапаттар 2024 жылғы Judo Awards рәсімінде табысталады. Салтанатты жиын 2025 жылы өтетін Paris Grand Slam турнирі аясында тікелей эфирде көрсетіледі.
Дауыс беру үшін мына жерге өтіңіз.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр