Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыДзюдодан Олимпиада чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов үлкен қажылыққа барған сапарында UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен жолығып, жылы жүздескені белгілі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кездесу барысында қос спортшы әңгіме өрбітіп, Сметов Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовпен арадағы бұрынғы таныстығын еске алған.
Сіздің әкеңіз Абдулманап аға Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиындарына жиі келіп тұратын. Ол кісі Алматыға келгенде танысып, суретке түстік. Ағамыз дзюдоға ерекше жанкүйер болған еді, - деді Елдос Сметов.
Өз кезегінде Хабиб те Елдоспен жүздескеніне риза екенін білдіріп, спортшыға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, марқұм Абдулманап Нурмагомедов өзінің «Әке» атты кітабында дзюдо туралы оң пікірлер білдіріп, ұлының осы спорт түрінде қалуын қалағанын жазған. Ол дзюдоны беделді әрі үнемі дамуды талап ететін күрделі спорт түрі ретінде бағалаған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары