20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПариж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов бұл туралы Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дзюдошы спорттық жолы жастарға мотивация береді деп сенеді.
Негізі кино түсіру ойда бар. Өйткені тарихи жеңіс. Басымнан өткен оқиғаларды көп адам біле бермейді. Айтатын дүнием көп. Кішкентай балам қалай олимпиада чемпионы болды? Осы басымнан өткен дүниелерді кино етіп шығару жоспарда бар. Оны көрген бала мотивация ала алатындай ауқымды кино болатын болса, мен оған қуанамын. Бұл әңгіме өзіміз бір жүрген жақын бауырларымның арасында қозғалған. 2020 жылы олимпиада ойындарында қола алған сәтімнен бастап айтылып келе жатқан дүние. Сондай ойлар болған. Сол кезде Париж олимпиадасына дайындалып, алтын алып келейін, мансабымды әдемі аяқтайын, сосын әдемі кино түсірерміз дегенмін, - дейді Сметов.
Еске салайық, Елдос Сметов 2016 жылғы Рио-де-Жанейро олимпиадасында күміс, 2020 жылғы Токио олимпиадасында қола, 2024 жылғы Париж олимпиадасында алтын медаль алып, чемпион атанған болатын.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?