30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты«Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен, елімізде тұңғыш рет «Ұлт рухының ұясы – Ауыл ана» атты ауыл әйелдерінің I Республикалық алқалы жиыны өтті. Республиканың түкпір-түкпірінен 400-ге жуық әйел қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиын партияның гендерлік теңдік мәселесіндегі ұстанымын айқындау, ауыл әйелдерінің қоғамдағы мәртебесін арттыру, олардың саяси көшбасшылығына соны серпін беру, әйелдер мен балалардың әлеуметтік мәселелеріне қоғам назарын аудару мақсатында ұйымдастырылып отыр.
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА
Елдің тұрақты дамуы көбіне əйелдерге байланысты екені анық. Мәселен, мемлекет басшысы квазимемлекеттік компанияларды басқарудағы әйелдердің үлесін 30%-ға арттыруды тапсырған еді. Осы орайда еліміздің 20 өңіріндегі атқарушы органдар бойынша жинақталған мәліметке көз жүгіртсек, әйелдердің жалпы үлесі 17,8 пайызды ғана құрайтынын көрсетіп отыр. 75 орынбасардың ішінде 4-і ғана әйел! Ал басқармалардағы әйелдердің үлесі 1/5-не де жетпейді, - деді Қарақат Әбден.
Ол сондай-ақ дамыған елдердегі гендерлік теңдік мысалына тоқталды.
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА
Әлемдегі ең бақытты елдер» рейтингінде көш бастап тұрған Финляндияның 18 адамнан тұратын министрлер кабинетінің 10-ы әйел адам. Үкіметтің тең жартысы әйелдерден тұратын әл-ауқаты мықты Исландияның министрлер кабинетін әйел басқарады, - деді ол.
Жиынға келгендердің арасында суретші-дизайнер Камила Жапалова бар. Ол өзінің сурет-көрмесін ұйымдастырды. Ол қараусыз ғимаратты алып, галерея ашпақ ойы бар.
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА
Қараусыз қалған ғимаратты алып, өзім жөндеу жұмыстарын жасап, галерея ашпақпын. 380 шаршы метр ғимаратты алып отырмын, - деді ол.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды