7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде жүргізілген жөндеу кезінде лифт шахтасына түсіп кетіп, қайғылы оқиға болды. Осы оқиғаға қатысты заңгер Нұржігіт Сұлтанбек Jibek Joly арнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасында түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Маманның сөзінше, бұл жағдай үшін бір емес, бірнеше ұйым жауапкершілік көтеруі мүмкін.
Менің пікірімше, жауапкер тараптар үш түрлі: алдымен лифтіні монтаждаған фирма, кейін оған техникалық қызмет көрсететін ұйым, сондай-ақ пәтер иелерінің кооперативі. Қазір адам өліміне байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 156-бабы бойынша іс тіркелді. Тергеу нәтижесінде нақты кінәлілер анықталып, тиісті шешім қабылданады, - деді заңгер.
Ол жарақаттардың дәрежесі жеңіл, орташа және ауыр болып бөлінетінін, ал адам қазасы туындаған жағдай бөлек қаралатынын түсіндірді. Аталған бапқа сәйкес кінәлі деп танылғандар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сонымен қатар, Сұлтанбектің айтуынша, лифт орнатылғаннан кейін оның қауіпсіз әрі дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету сол лифтке қызмет көрсететін компанияның міндеті.
Заңгер елдегі лифт паркі күрделі күйде екенін де айтты. Қазіргі уақытта қолданылып жүрген лифтілердің 40 пайыздан астамы әбден ескірген, көпшілігінің пайдалану мерзімі 25-30 жылға дейін созылып кеткен. Ал стандарт бойынша лифт 20 жылдан артық қызмет етуге арналмаған. Астанада 2028 жылға дейін ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы іске асырылып, оның аясында лифтілер мен ғимараттардың сыртқы келбеті түгел жаңартылмақ.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?