22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҰлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың қатысуымен баспасөз брифингі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ұлттық экономика министрі форумға бірқатар мемлекеттен мыңға жуық делегат келгенін айтты. Олардың ішінде маңызды және мәртебелі қонақтардың барын атап өтті.
Форум бағдарламасы бойынша кеше әйгілі журналист Ричард Квесттің төрағалығымен Мемлекет және халықаралық ұйым басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс өтті. Осылайша екі күнге созылған форум аясында 40-қа жуық белсенді іс-шара өтуде, – деді министр.
Ең маңыздысы – еліміздің кадрлық мәселесін шешу. Оның ішінде 2025 жылға дейін 100 мың IT маманды дайындау қажеттігін тілге тиек етті.
«Қытай мен Қазақстан арасында форум аясында қандай да бір келісім бола ма?» деген журналистердің сұрағына министр өңірлік және әлемдік мәселелер жөнінде пікір алмасатынын айтты және бірқатар маңызды құжатқа Президент Қытайға барған сапарында қол қойғанын жеткізді.
Қытай елімен біздің әлеуетіміз артады. Себебі олар қазір біздің елден экспортталатын азық-түлік тауарларын 100 пайызға тұтынып отыр. Қытай өзі Қазақстанға ірі инвестиция салған болатын. Сол әлеуетті біз одан әрі жалғастыратын боламыз. Өйткені Қытай – Орталық Азиядағы дамыған ең үлкен мемлекет, – деді ҰЭМ басшысы Әлібек Қуантыров.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев