Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТүрікменстанда халықаралық әйелдер күніне орай әйелдерге ақшалай сыйлық беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түрікменстан билігі халықаралық әйелдер күні қарсаңында әйелдерге 60 манат (шамамен 17 доллар немесе 8500 теңге) көлемінде ақшалай сыйлық беретін болды. Бұл туралы "Туркменистан сегодня" басылымы хабарлады. Сыйақы 1-6 наурыз аралығында түседі.
Төлем мемлекеттік және жеке мекемелерде жұмыс істейтін әйелдерге, зейнеткерлерге, әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, сондай-ақ білім беру саласындағы барлық деңгейдегі студенттерге — балабақша тәрбиеленушілерінен бастап докторанттарға дейін тағайындалады.
Ел президенті қол қойған құжатта бұл шешім әйелдердің елдің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесін ескере отырып және ана мен қыздарды ардақтау ұлттық дәстүрін жалғастыру мақсатында қабылданғаны атап өтілді.
Айта кетерлігі, Түрікменстанда халықаралық әйелдер күніне арналған ақшалай сыйлық жыл сайын беріледі және оның мөлшері өзгермейді. Қазіргі таңда ел азаматтары 60 манатқа бірнеше келі пияз немесе бір келі ет сатып ала алады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?