30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыПремьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Халықаралық жастар күнімен құттықтап, ел дамуындағы жастардың рөліне тоқталды.
Бүгінде Қазақстанда 5,8 миллионнан астам жас бар. Бұл – ел халқының шамамен үштен бір бөлігі. Аида Балаеваның айтуынша, Қазақстанның ертеңі мен мемлекеттің алдағы даму бағыты бүгінгі жас ұрпақтың біліміне, білігіне, азаматтық ұстанымы мен бастамашылдығына тікелей байланысты. Министр қазіргі таңда жастардың білім алуына, ғылыммен айналысуына, инновациялық жобаларды жүзеге асыруына және ел дамуына үлес қосуына кең мүмкіндік жасалып отырғанын атап өтті.
Адами капиталды дамыту, білім мен ғылымды өркендету, инновацияны қолдау Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында мемлекетті дамытудың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалды, – деді Аида Балаева.
Оның сөзінше, бұл жастарға көрсетіліп жатқан қолдауды ғана емес, өскелең ұрпаққа артылған үлкен сенім мен жауапкершілікті де білдіреді.
Жастарды қолдаудың маңызды бағыттарының бірі – баспана мәселесі. «Наурыз» және «Отау» жеңілдетілген несие бағдарламалары арқылы 5,4 мыңнан астам жас қазақстандық мемлекеттік қолдауға ие болды.
Бұдан бөлек, өңірлік тұрғын үй бағдарламалары аясында 7,2 мыңнан астам жас отбасы мен жас маман баспаналы болды. Осылайша, аталған бағдарламалар арқылы 12,6 мыңнан астам жас қазақстандық пен жас отбасы тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік алған.
Жастардың қоғамдық өмірге араласуына да жағдай жасалып отыр. Қазір Қазақстанда 400-ден астам жастар ұйымы және 235 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Бұл ұйымдар жастардың бастамаларын қолдап, олардың қоғамдық жобаларға қатысуына, жаңа идеяларын жүзеге асыруына және түрлі бағытта дамуына мүмкіндік береді.
Аида Балаева жастарды еліміздің ең басты жасампаз күші деп атап, олардың білімі, белсенділігі мен жаңа идеялары Қазақстанның болашағын айқындайтынын жеткізді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды