22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыТөтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстанда қолданылатын газ баллондарының жарамдылық мерзімін 30 жылдан 20 жылға дейін қысқартуды көздеп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл үшін мемлекеттік заңнамаларына өзгерістер енгізіледі.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің түсіндіруінше, Қазақстанда 1970-80 жылдардан бері пайдаланылып келе жатқан газ баллондарының саны 348 мыңға жуық. Олардың жарамдылық мерзімі 30 жылдық межеден әлдеқашан асып кеткен.
2018-2022 жылдар аралығында баллондардың жарылуы мен газ-ауа қоспасының жарылуының 346 жағдайы болды, 522 адам зардап шекті, оның 97-сі қайтыс болды. Тек 2023 жылы 167 адам жарақат алып, 21 адам қайтыс болған. Бұл жағдайлар қоғамдық резонанс тудырады, өйткені төтенше жағдайлар құрбандары – балалар мен тұрмысы төмен азаматтар.
Апаттылықты азайту және газ баллондарын пайдаланудағы қауіпсіздікті жақсарту мақсатында олардың өндірісін және айналымнан шығаруына бақылауды күшейту қажет. Мерзімі өткен баллондар адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Мұндай қауіпті жою үшін мерзімі өткен баллондарды кәдеге жарату және олардың қызмет ету мерзімін қысқарту қажет. Бұл адамдардың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі. Сонымен бірге, Ресей мен Беларусьте нормативтік құқықтық актілер газ баллондарының қызмет ету мерзімі 20 жыл деп көрсетілген, – делінген Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің түсіндірмесінде.
Жарамдылық мерзімі өткен газ баллондары арнайы акт жасала отырып жойылады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев