23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Балалар жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева аралық есебін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Уәкіл осы ай бойы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова және мемлекеттік органдардың барлығымен Мемлекет басшысының балаларға қатысты тапсырмаларын іске асыру бойынша жұмыс істегендерін айтады.
Негізгі бағыттар – профилактика жүйесін және көмек құралдарын құруды, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстар бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді және балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ерекше қажеттіліктері бар балалар мен ауылдық жерлерде тұратын балаларға арналған инфрақұрылым құру. Сонымен қатар, осы және басқа да міндеттермен өңірлерде жұмыс істей бастадық. Жалпы алғанда, бір жарым айдың ішінде 4 аймаққа барып келдім. Енді күзде ҮЕҰ-мен, өңірлерлік БҚУ-дермен үлкен талқылау өткізуді жоспарлап отырмыз. Өңірлерге ұзағырақ мерзімге барып, аудан орталықтары мен ауылдарда жұмыс істейміз, - деп жазды Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол түрлі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ата-аналармен көтерілетін мәселелер мен өтініштер бойынша үнемі кездесулер өткізіп жүргенін атап өтеді. Сондай-ақ, бір жарым айдың ішінде 400 жеке өтініш бойынша жұмыс жүргізілді – бұл емдеу мәселелері, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, зорлық-зомбылыққа қатысты және тағы басқалар.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік