13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЦифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Үкімет қаулысын толықтырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Енді отбасылық мәселелер бойынша бастапқы заң көмегін беруге арналған бірыңғай байланыс нөмірі бекітілмек.
111 - отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі байланыс орталығы, - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.
Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде жазылғандай, «111» байланыс нөміріне хабарласу тегін болады.
Жобаның мақсаты - ақпараттық-анықтамалық, ұйымдастырушылық, психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты барлық мәселелер бойынша бастапқы консультациялар өткізу үшін әрбір азаматқа тегін қосылу байланыс қызметтерін ұсыну, - деп түсіндірме берілген қаулыға.
Құжат 18 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды