23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлдымен Елбасының жұмыс кабинетінен басталық. Суреттегі шағын жұмыс кабинетінде Президент бейнеконференция байланыс жүйесінің көмегімен селекторлық кеңестер өткізген. Кабинет бірнеше тараппен дыбыстық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Елбасы бұл бөлмеде 1997-2004 жылдар аралығында қызмет еткен. Қазіргі уақыта бөлмеге Президенттің еңбектері қойылып, көпшілік назарына қаз-қалпында ұсынылды.
Жұмыстан тыс уақытта Нұрсұлтан Назарбаев осы бөлмеге келіп демалғанды ұнатқан. Кездесулер мен жиындардан бос уақытта ол шахмат ойнап, сүйікті әндерін домбырамен шырқайтын болған. Музей қызметкерлерінің айтуынша Елбасы баянда да жақсы ойнаған.
Ал мынау залға кірсеңіз — керемет баққа тап болғандай әсер аласыз. Бұл жерде құстардың дауысы, мәрмәрдан оюлап жасалған еден және ауыр металдан дайындалған аспаша ілінген.
Төмендегі альбомнан түрлі делегациялар мен сыйлы қонақтардың Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйлаған түрлі өнер туындыларын тамашалай аласыз. Музейде жалпы саны үш мыңға жуық экспонаттар бар. Олардың екі мыңға жуығы көрермен назарына ұсынылған. Альбомды қарау
Рустем ӘЛПИ
Фототілші — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады