23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Орталықтың «жасыл» экономиканы дамыту және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарының негізгі бағыттары туралы мәлімделді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жел, күн, су және геотермальды ресурстардың әлеуеті, қатты тұрмыстық қалдықтар мен биомасса полигондарының орналасуы туралы ақпаратты қамтитын цифрлық алаңның үлгісі таныстырылды.
Нұрсұлтан Назарбаев экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Елбасы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласына озық технология енгізу және осы салаға инвесторлар тарту мәселелеріне баса мән берді.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті, сондай-ақ, қазақстандық жоғары оқу орындарының жаңартылатын энергия көздері саласындағы перспективті әзірлемелерімен танысты.
«Жасыл» технологиялардың және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Астана – ЭКСПО-2017» көрмесінің инфрақұрылымы негізінде 2018 жылғы сәуір айында құрылды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік