Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті мәртебелі мейманға Еуразия елдері спикерлерінің кеңесіне қатысқаны үшін алғыс білдірді.
– Тәуелсіздік жылдары Кореямен ең жылы қарым-қатынас орнатуға тырыстым. Бізде экономикалық ынтымақтастықтың үлкен бағдарламасы бар. Қазақстанда 100 мың кәріс ұлты тұрады. Бұл біздің елдеріміздің арасындағы алтын көпір. Біз экономикалық және саяси ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделіміз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Елбасы Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы диалог орнату үдерісіне қолдау білдірді.
Өз кезегінде Мун Хи Сан Еуразия елдері спикерлері кеңесінің жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
– Әлем халқының 75 пайызы Еуразия құрлығында тұрады. Әлемдік ЖІӨ-нің 60 пайызы Еуразияға тиесілі. Өздеріңіз білетіндей, Еуразияның ең шығыс шеті – ол Корея Республикасы. Қазақстан осы құрлықтың қақ ортасында. Біздің алғашқы отырысқа 19 мемлекет, екіншісіне - 27, үшінші - 39 мемлекет қатысты. Бүгінгі басқосуға 55-тен астам мемлекет қатысуда. Бұл жетістік – Сіздің еңбегіңіз, - деді Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды