12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікФутболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Аталған турды Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен Ақтаудың «Каспий» командалары түйіндеді.
Ойын барысында алаң иелері қатарынан Всеволод Садовской 20, Эльхан Астанов 31, Муроджон Халматов 80, 87-минуттарда мергендік танытты. Оған «Каспий» сапынан 77-минутта Руан Телеш пенальтиден соғылған бір голмен жауап берді. Осылайша, «Ордабасы» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.
Алматыда «Қайрат» Оралдың «Ақжайығынан» 2:0 есебімен басым түссе, тағы бір кездесуде Павлодар облысының «Ақсуы» Петропавлдың «Қызылжарын» 1:0 есебімен сүріндірді.
Айта кетсек, Қостанайдың «Тобылы» Түркістанда «Тұранмен» 2:2, «Атырау» мен «Тараз» 0:0 есебімен тең түсті. Ал, «Ақтөбе» сырт алаңда Қарағандының «Шахтерін» 3:2, елордалық «Астана» өз алаңында Түркістан облысының «Мақтааралын» 4:0 есебімен жеңді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер