Бүгiн, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыЕлімізде субсидияланатын ішкі әуе рейстерінің бағасын біреу білсе, біреу білмейді. Ең арзан билеттерін қалай іздейміз, 2027 жылы өзгерістер бола ма, осыған шолу жасаймыз.
Newtimes.kz порталының мәліметінше 2026 жылы облысаралық 24 субсидияланатын әуе бағытын қаржыландыруға 6,4 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат әуе компаниялары үшін экономикалық тұрғыдан тиімсіз бағыттардағы билет бағасын қолжетімді деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Қазір субсидияланатын бағыттардағы билет құны 13 мыңнан 35 мың теңге аралығында.
Астанаға қандай рейстер қатынайды?
2026 жылдың екінші жартыжылдығында субсидияланатын бағыттар тізіміне Петропавл, Павлодар, Балқаш, Үржар және Үшарал бар. Аталған бағыттарға Астанадан қатынайтын рейс бар.
Алайда Балқаш – Астана, Үржар – Астана және Үшарал – Астана бағыттары тек 31 тамызға дейін орындалады. Көлік министрлігі мұны туристік маусымның аяқталуымен түсіндірді.
Ал Астана – Павлодар бағыты 2027 жылға арналған субсидияланатын рейстер тізімінде болғанымен, әзірге билет сатылымы ашылған жоқ. Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Павлодар әуежайын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Әуежай пайдалануға берілген соң бұл бағыт қайта іске қосылады.
2027 жылы субсидияландыру жалғаса ма?
Келер жылы билік барлық 24 облысаралық субсидияланатын бағытты сақтап қалуды жоспарлап отыр.
Тізімге Түркістаннан – Ақтау, Орал және Ақтөбе бағытына , Жезқазғаннан – Шымкент пен Қарағанды бағыты тізімге кіреді. Сондай-ақ Ақтау, Орал, Семей, Шымкент, Тараз, Көкшетау, Қызылорда, Балқаш, Үржар мен Үшарал бағытындағы рейс бар.
Сонымен қатар Балқаш – Астана, Үржар – Астана және Үшарал – Астана маусымдық бағыты да 2027 жылғы тізімде бар. Алайда олардың қайта ашылуы туристік маусымға байланысты болмақ.
Азаматтық авиация комитеті 2027 жылы субсидияланатын әуе тасымалының тарифтерін өзгерту жоспарланып отырмағанын мәлімдеді. Дегенмен жолаушылар жарияланған тарифтер бойынша билеттер барлық күнге бірдей қолжетімді болмауы мүмкін екенін ескергені жөн. Себебі субсидияланатын рейстердегі орын саны шектеулі.
Бүгiн, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?