29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБокс федерациясы 5 желтоқсан күні Ақтау қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты кезіндегі оқыс жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған жекпе-жек күні Ақмола облысының өкілі Дамир Ибрагимов пен Астана қаласының спортшысы Кенесарыәмір Маржықпаев кездесуінен соң Астана қаласының жаттықтырушысы (К.Маржықпаевтың әкесі) Ерік Маржықпаев төрешілер шешіміне наразылық білдіріп, даудың соңы кикілжіңге ұласты.
Алайда эмоциясы басылғаннан кейін Ерік Маржықпаев бірден төрешілерден кешірім сұраған. Осы оқиғадан соң Қазақстан Бокс федерациясы атқарушы комитеттің отырысын өткізді.
Отырыс нәтижесінде Ерік Маржықпаев бапкерлерді, төрешілерді, жарыс ұйымдастырушыларын құрметтемегені үшін және ҚР спорттық этикасын бұзғаны үшін бокстан жергілікті, республикалық және халықаралық жарыстардан 2 жылға шеттетілді. Спорт – бұл тек жарыс алаңы ғана емес, эмоцияның ортасы екенін де ұмытпаған абзал. Дегенмен, алдағы уақытта Министрлік мұндай жағдайлардың қайталанбауы және оқыс оқиғалардың алдын алу үшін нақты шараларды қолға алып, профилактикалық жұмыстарды күшейтеді,-делінген федерация мәліметінде.
Айта кетейік, ел чемпионатындағы оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек