Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыЕлімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы басталды. Акцияның ұйымдастырылуы Наурызнама онкүндігінің «Тазару күнімен» тұспа-тұс келіп отыр, деп хабарлайды El.kz.
Шараның мақсаты - су көздерін, бұлақтарды, өзен-көлдер мен теңіз жағалауларын қоқыстан тазарту, жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Бұл игі бастамаға еліміздің барлық мектеп оқушылары, колледж студенттері мен ерікті жастар қолдау білдіруде. Акция аясында бұлақтардың көзін ашу және абаттандыру, жағалауларды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, табиғатты аялауға бағытталған экологиялық шаралар ұйымдастырылуда.
Акцияға алғашқылардың бірі болып Жамбыл облысындағы «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығында көктемгі каникулда демалып жатқан оқушылар үлес қосты. Олар бұлақ көзін ашып, маңайын қоқыстан тазалады. Ал, Шымкент қаласының ерікті жастары, колледж студенттері Қошқар ата өзенінің жағалауында сенбілік ұйымдастырды.
Маңғыстау облысының студенттері де Каспий теңізінің жағалауында өткен акцияға атсалысты. Шараға қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын атап өтеді.
Айта кетейік, алдағы бір ай ішінде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасын табады.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді