Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОқу-ағарту министрлігі "Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға" енгізілетін өзгертулерді қоғам талқысына ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоспарға сәйкес, ата-аналарға арналған курстарды қазақстандық отбасылар үшін міндетті ету мәселесі қарастырылады. Министрліктің ұсынысы бойынша, жастар некесін тіркеу алдында, жас отбасылар жүктілік кезеңінде және баланың дүниеге келуінің алдында, сондай-ақ, баланы балабақша мен мектепке берер алдында ата-аналарға арналған курстарға қатысуы керек.
Бұл ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға, бала тәрбиесін жақсартуға көмектеседі және әлеуметтік мәселелерді шешуде де маңызды. Баланы дүниеге әкелген кезде және балабақша мен мектепке қабылдау кезінде ата-аналарды оқыту балалардың білім беру ортасына бейімделуін және педагогтар мен медицина қызметкерлерімен өзара әрекеттесуін жақсартады, – делінген министрліктің түсіндірме жазбасында.
Сонымен қатар, ата-аналар мектебі әкелердің тәрбие процесіне араласуын арттыруға көмектеседі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?