Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекРеспублика күніне орай азаматтардың белгілі бір санаттары біржолғы мереке алдындағы төлем алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды әкімдігі ҰОС қатысушылары мен мүгедектерін, барлық топтағы мүгедектерді, АИТВ инфекциясымен ауыратын балаларды және басқа да азаматтарды мерекемен құттықтайды.
Қарағанды әкімдігі азаматтарға Республика күніне орай төленетін біржолғы төлем туралы хабарлады. Біржолғы төлемді ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, АИТВ инфекциясы бар балалар, туберкулезбен ауыратын науқастар, барлық топтағы мүгедек адамдар және азаматтардың басқа да санаттары алады.
Мүгедектігі бар адамдар мерекеге 20 мың теңгеден алады. Қарағандыда олардың саны 22,5 мыңнан асады. АИТВ-мен ауыратын балаларға 87 мың теңгеден төленеді. Туберкулезбен ауыратын қарағандылықтар 18 мың теңге төлем алады.
ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 15 мың теңгеден төленеді. Қарағандыда мұндай алты азамат бар. Жауынгерлік әрекеттің ардагерлері мен Чернобыльдағы атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқан адамдар 44 мың теңгеден алады.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес