Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚосылған құн салығы (ҚҚС) 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, заң әлі күшіне енген жоқ.
Бірақ қабылданған жағдайда оның әсері қазақстандықтар үшін 2026 жылдың наурыз айында сезіле бастайды, яғни төлем мерзімі келген кезде. Сонымен қатар, мемлекет бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасауды көздеп отыр, - деді ол,
Жаңа салық жүйесіне сәйкес, ҚҚС мөлшері 16% деңгейінде белгіленеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер бұл салықтан толықтай босатылады. Сондай-ақ денсаулық сақтау, IT, туризм, креативті индустрия және азық-түлік өндірісі салалары үшін төмендетілген 10%-дық мөлшерлеме ұсынылған.
Осылайша, жаңа ҚҚС реформасы түрлі салаларға сараланған мөлшерлеме енгізу арқылы экономикаға оң әсерін тигізуді көздейді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады