Кеше, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?
Біріккен Араб Әмірліктері туристерге, жұмыс іздеушілерге және елге қоныс аударғысы келетіндер үшін жаңа визалық ережелер енгізу арқылы көші-қон заңнамасын жаңартты, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқасілтеме жасап.
Иммиграциялық заңнаманы қайта қарау нәтижелері бойынша БАӘ сәйкестендіру, азаматтық, кедендік және порттық қауіпсіздік федералды басқармасы (ICP) туристерге, жұмыс іздеушілерге және Парсы шығанағы елінде тұруға мүдделі адамдарға қатысты визалық ережелердің жаңа пакетін енгізді. Жаңа ережелер 3 қазанда күшіне енді.
Олар БАӘ-ге баруға және тұруға мүмкіндік беретін визалардың 15 түріне арналған жаңартылған талаптар мен ережелерді қамтиды. Олардың ішінде туристік кіру визалары, алтын және жасыл тұру ықтиярхаттары, жер үсті порттары арқылы жүк көлігінің жүргізушілеріне кіруге рұқсаттар, көрші елдердің азаматтарына, круиздік кеме қызметкерлеріне арналған визалар және т. б. бар.
Gulf News-тің хабарлауынша, туристер үшін ұзағырақ визалар, жасыл виза бойынша тұру мерзімін ұзарту және кеңейтілген 10 жылдық алтын виза схемасы жаңадан енгізілген ережелердің басты жаңалығы болды. Енді туристер Әмірліктерде бұрынғыдай 30 емес, 60 күн бола алады.
Сонымен қатар бес жылдық бірнеше реттік туристік виза келушілерге БАӘ-де қатарынан 90 күнге дейін тұруға мүмкіндік береді. Ал жұмыс іздеушілерге арналған виза кәсіби жұмысшыларға демеушісіз немесе қабылдаушы тарапсыз БАӘ-де жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін іздеуге көмектеседі.
Кеше, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Кеше, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?