28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарСауда және интеграция министрлігі ел аумағынан шығаруға немесе шекарадан кіргізуге тыйым салынған тауар түрлерін атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен, 11 қазаннан бастап бидайды үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен Қазақстан аумағына автокөлікпен әкелуге тыйым салу ұзартылады. Тыйым салу мерзімі - 6 ай.
Сонымен бірге 15 қазанға дейін Қазақстан аумағынан мұздатылған, жаңа мұздатылған немесе салқындатылған балық түрлерін шығаруға тыйым салынатынын да мәлімдеді.
Биылғы 2 қарашаға дейін елден қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынады. Ал 14 қарашаға дейін Қазақстаннан тас көмірді, брикеттерді, түйіршіктерді және тас көмірден алынған қатты отынның ұқсас түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге болмайды. 29 қарашаға дейін Қазақстан аумағынан аммофос пен аммоний нитратын автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынды, - деп жазды министрліктен.
10 желтоқсанға дейін темір жол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты ағаш шпалдарын қоспағанда, шыққан еліне қарамастан, ағаш материалдарының жекелеген түрлерін елден әкетуге тыйым салынды.
2024 жылғы 27 қаңтарға дейін Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды, - делінген ведомство хабарламасында.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?