23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіДүркіреп өткен елорда тойында «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатын мемлекеттердің мүсіндері қойылды.
«Нұржол» желегінің жоғары жағында орналасқан мүсіндер шыны пластиктен жасалған. Олар алаңға шахматтық тәртіпте қойылды. Мүсіндер экспозициясы «Astana Art Fest» заманауи өнер фестивалі аясында өтті.
Алаңдағы мүсіндерге жеке тоқталар болсақ, олар әр елдің өзіндік ерекше стиліне сай әзірленген. Бұл жерден алуан түрлі пейзаждар, мемлекеттік рәміздердің кей элементтері, экзотикалық жануарлар, сәулет ескерткіштері, ұлттық ою-өрнектер, мемлекеттердің географиялық карталарының бейнесін көруге болады.
Көпшіліктің көңілінен шыққан туындыларды қазақстандық жас суретшілер салып шыққан. Оларға жұмыс барысында Астанадағы «Құланшы» заманауи өнер орталығының мамандары жетекшілік етіпті. Эскиздердің жасалуы мен идеяның жүзеге асуына бір айдан астам уақыт жұмсалыпты. Суретшілер өз қолынан шыққан өнер туындыларын «Экспо-адамдар» деп атаған. «Экспо-адамдардың» қолында үлкен шар бар. Шығармашылық тұрғыдан алғанда, бұл көрініс әлемнің аллегориясы іспетті. Яғни, «ғалам әр адамның алақанында» деген мағынаны білдіреді.
Әзірлеген – Айбота ӨТЕУЛІ
Сурет: Астана қалалық Мәдениет басқармасы
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады