Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЭнергетика вице-министрі болған Анатлий Шкарупа мемлекеттен 10 миллион теңгенің моральдық өтемақысын өндіріп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Астана соттарының Facebook парақшасындағы мәліметке сүйенсек, талапкер сот үкімімен қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеуіне байланысты кінәсіз деп танылған. Сонымен қатар аталған үкімде ақталған талапкердің қылмыстық істі жүргізген органның заңсыз іс-әрекетінен келген зиянды өндіріп алу құқығы көрсетілген.
А.Шкарупа 2018 жылы Бас прокуратураның жедел тергеу тобымен ұсталып, тергеу сотының санкциясымен тергеу изоляторына қамалған еді.
Сот талапты жартылай қанағаттандырды. Қаржы министрлігінен 10 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысы өндіріп алынады, - делінген хабарламада.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек