Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстандық Данна Қарағұсова америкалық Blue Origin компаниясының New Shepard зымыран кемесімен суборбиталық ұшуды сәтті жүзеге асырды. Ұшу сәтінің бейнежазбасы компанияның ресми YouTube арнасында жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Экипаж құрамында Данна Қарағұсовадан бөлек Джефф Элджин, Клинт Келли III, Уилл Льюис, Аарон Ньюман және Виталий Островский болды.
Кеме капсуласы Жер деңгейінен 106 шақырым, яғни теңіз деңгейінен шамамен 107 шақырым биіктікке дейін көтерілді. Ұшу миссиясы 10 минут 21 секундқа созылды.
Бұл сапар — New Shepard бағдарламасы аясындағы NS-36 миссиясы, яғни компания жүзеге асырған 15-пилоттық ұшу. Осы уақытқа дейін Blue Origin зымыранымен 86 адам ғарышқа ұшқан.
Ескере кететін жайт, Blue Origin компаниясының алғашқы суборбиталық миссиясы 2021 жылдың 20 шілдесінде өткен еді. Сол кезде ұшуға Amazon және Blue Origin компанияларының негізін қалаушы, америкалық миллиардер Джефф Безос қатысқан болатын.
Айта кетейік, Данна Қарағұсова - бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Сенат пен Мәжілістің экс-депутаты Гүлжан Қарағұсованың қызы.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс