18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Ұзақ жылдар Үкіметте бірнеше министрлікті басқарған Сауат Мыңбаевтың желіде мүгедектер арбасына танылған суреті тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Telegram арналардың жазуынша, экс-шенеунік Түркияның Измир қаласында өткен қызының тойына барған. Фотода ол мүгедектерге арналған арбада отыр.Тойға Ахметжан Есімов, Иманғали Тасмағамбетов, Қайрат Мәми, Бауыржан Байбек, Берік Имашев секілді үкіметтің бұрынғы құрамында болғандар барған.
Сауат Мыңбаевтың соңғы қызметі "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясының төрағасы болатын. Ол жерден денсаулығына байланысты кеткен еді.
Сауат Мұхаметбайұлы жұлын жарақаты тым ауыр болғандықтан, өз орнын босатуға мәжбүр болды. Ол әлі де қозғала алмайды. Жағдайы өте ауыр. Сондықтан ол жұмыстан кету туралы арыз жазуға мәжбүр болды, - деген болатын компанияның баспасөз қызметі.
Ол 1962 жылы 19 қарашада бұрынғы Талдықорған облысы Үшарал ауылында дүниеге келген. Түрлі жылдары қаржы министрінің орынбасары, қаржы министрі, ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министр орынбасары лауазымында болды.
Мыңбаев индустрия және сауда министрі, энергетика және минералды ресурстар министрі, мұнай және газ министрі қызметтерін де атқарған. 2013-2018 жылдар аралығында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болды. Соңғы жылдары "Қазақстан темір жолына" басшылық етті..
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр