23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге қарсы қылмыстық іске қатысты ресми мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде Бағдат Мусиннің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған еді. Антикор аталған деректерді жоққа шығарды.
Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның аумақтық қылмыстық істер бөлімшелерінің қарауында бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге қатысты қаралып жатқан іс жоқ, – деді Антикор.
Бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми өкілі Альбина Әтен Бағдат Мусиннің қызметтен кетуінен соң айтылып жатқан түрлі әңгіменің нүктесін қойған еді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік