28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПарламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты, «АгромашХолдингKZ» АҚ президенті Динара Шүкіжанова су тасқынынан кейін қалаға қоныс аударғысы келетіндерға қамқорлық көрсетуге дайын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақорда жазуынша, бұл туралы экс-депутат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жасаған сапары кезінде жергілікті кәсіпкерлермен және еріктілермен кездесуі кезінде айтты.
Динара Шүкіжанова су тасқынынан кейін қалаға қоныс аударғысы келетін адамдарды техникалық мамандықтарға оқытып, олардың жаңа ортаға бейімделуіне жан-жақты қамқорлық көрсетуге дайын екенін айтты,-делінген Ақорда мәліметінде.
Айта кетсек, аталған кездесуде Қостанайдағы «Аян-озат» ЖШС директоры Валерий Розумович қиын-қыстау кезеңде өңір кәсіпкерлері халыққа барынша жәрдем бергенін айтты. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының қызметкері Айбек Танатбаев су тасқынының салдарымен күресте еріктілердің еңбегі ерен екенін атап өтті.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?