Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматы қалалық бұрынғы мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергеннің інісі Дархан Өмірәлиев Бішкек қаласында ұсталып, Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті жымқырды деген күдікке ілінді.
Алаяқтық Алматы қаласы бойынша әкімдік пен ҰҚКД лауазымды адамдарының қатысуымен бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және белгіленген сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалған.
Биылғы жылдың 14 маусымында Бішкек қаласында Дархан Өмірәлиев ұсталғаннан кейін ол Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен отанына оралуға дайындығы туралы хабарлады.
Сол күні Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Дархан Өмірәлиев Қырғыз Республикасының шекарасынан өтіп, Алматы қаласына жеткізілді.
Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары