1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіМемлекетке 200 миллион теңгеге жуық шығын келтірді деп айып тағылған «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік коропорациясының бұрынғы басқарма төрағасы Ермек Имантаевті қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті ол қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды, өзінің үлестес адамдарына жер телімін төмен бағаға берді, сол арқылы мемлекетке 199,4 миллион теңге шығын келтірді деген күдікке ілікті деп отыр.
Тергеу соты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға шешім қабылдады. Күдікке іліккен бабы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Кінәсі дәлелденсе басшылық қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылады, - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу құпиясына байланысты жарияланбайды деп отыр.
Ермек Имантаев 2002-2004 жылдары Ақтөбе облысының әкімі болған.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?