Кеше, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?Қазақстанда вакцинация көбіне балаларға арналған профилактикалық шара ретінде қабылданады. Алайда жұқпалы аурулардың алдын алу тек балалық шақпен шектелмейді. Ересек тұрғындардың да белгілі бір мерзімде ревакцинациядан өтіп, қауіп тобына байланысты қосымша екпелер алуы денсаулықты сақтаудың маңызды тетігі саналады.
Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, елімізде ересектерге арналған тегін және ақылы вакциналардың нақты тізімі бар. Олардың бір бөлігі мемлекеттік емханаларда тегін ұсынылса, кейбірі тек жеке медициналық орталықтарда ақылы негізде жасалады.
Міндетті әрі тегін екпелер
Дифтерия мен сіреспеге қарсы вакцина: Ересектер үшін ең маңызды профилактикалық екпенің бірі – дифтерия мен сіреспеге қарсы вакцина. Ұлттық иммундау күнтізбесіне сәйкес алғашқы ревакцинация 16 жаста жүргізіледі. Одан кейін әрбір 10 жыл сайын өмір бойы қайталанып отырады.
Яғни азаматтар 26, 36, 46, 56 жаста және одан кейін де осы екпені тегін ала алады. Бұл вакцина тұрғылықты жері бойынша тіркелген мемлекеттік емханаларда жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, вакцина алуға жоғарғы жас шектеуі жоқ, бастысы – азаматтың келісімі болуы қажет.
Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жасалатын вакциналар
Қызылша, қызамық және паротит: Егер адам бала кезінде бұл екпелерді алмаған болса, ересек жаста вакцинация тек эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүргізіледі. Мысалы, қызылшамен ауырған адаммен байланыста болған жағдайда және азаматтың вакцина алғаны белгісіз немесе мүлде егілмегені анықталса, тегін вакцина ұсынылады.
Мұндай қосымша иммундау көбіне 30 жасқа дейінгі азаматтарға жүргізіледі. Себебі мамандардың пікірінше, жасы үлкен адамдардың басым бөлігінде бұл инфекцияларға қарсы табиғи иммунитет қалыптасқан.
В гепатитіне қарсы вакцина
Бұл екпе де белгілі бір қауіп топтарына ғана тегін жасалады. Оның ішінде:
бұрын вакцина алмаған, бірақ гепатитпен ауырған адаммен байланыста болғандар;
Вакцина алдында міндетті түрде зертханалық тексеру жүргізіліп, адамның В гепатитімен ауырмайтыны расталуы тиіс.
Тұмау, құтыру және кене энцефалитіне қарсы вакцина
Бұл вакциналар да тек эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша ұсынылады.
Мысалы:
Барлық аталған вакциналар мемлекеттік емханаларда тегін жүргізіледі. Вакцина алдында дәрігердің тексеруі мен азаматтың ақпараттандырылған келісімі міндетті.
Ақылы негізде жасалатын вакциналар
Менингококк инфекциясына қарсы вакцина: Бұл екпені көбіне Сауд Арабиясына қажылыққа баратын азаматтар алады. Себебі аталған елге кіру талаптарының бірі – менингококкқа қарсы вакцинациядан өту.
Сонымен қатар иммунитеті әлсіреген немесе менингиттің ауыр асқыну қаупі жоғары адамдарға да бұл вакцина ұсынылады.
Пневмококк инфекциясына қарсы вакцина: Дәрігерлер бұл вакцинаны созылмалы өкпе аурулары бар пациенттерге және егде жастағы адамдарға ұсынады. Пневмококк инфекциясы өкпе қабынуы мен басқа да ауыр асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Адам папилломасы вирусына (HPV) қарсы вакцина: Қазіргі таңда Қазақстанда 11-18 жас аралығындағы қыздарға HPV вакцинасы мемлекет есебінен салынады.
Ал ересек әйелдер мен ер балалар бұл вакцинаны жеке медициналық орталықтарда ақылы түрде ала алады. Мамандардың пікірінше, екпені жыныстық өмір басталғанға дейін салдыру тиімдірек. Соңғы жылдары ұл балаларды да вакцинациялауға қызығушылық артып келеді, өйткені бұл вирус тек әйелдерге ғана емес, ер адамдардың денсаулығына да қауіп төндіреді.
Сарапшылар не ұсынады?
Дәрігерлердің айтуынша, көптеген ересектер өздерінің соңғы рет қашан вакцина алғанын білмейді. Соның салдарынан уақыт өте келе ағзаның қорғаныш қабілеті әлсіреп, жұқпалы ауруларға шалдығу қаупі артады.
Сондықтан әрбір азамат өз емханасына жүгініп, вакцинациялық мәртебесін тексергені жөн. Әсіресе халықаралық сапарға шығатындар, медицина саласында еңбек ететіндер, созылмалы аурулары бар адамдар және егде жастағылар үшін екпе алу денсаулықты сақтаудың маңызды бөлігі болып қала береді.
Қазақстандағы ересектерге арналған вакцинация жүйесі тек аурудың алдын алуға ғана емес, қоғамда қауіпті инфекциялардың таралуын шектеуге де бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда, вакцинация – жеке адамның ғана емес, қоғамдық денсаулықтың да кепілі.
Кеше, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?