Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Еуразия бөлімінің басшысы Уильям Томпсонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жағдайын және перспективаларын талқылады.
Ынтымақтастықты кеңейтуге, 2022-2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға, Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жұмыс органдарының отырыстарына және вебинарларға қатысуына ықпал ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға өзгерістер енгізу туралы хаттамаға алдағы уақытта қол қоюға назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты өзара қарым-қатынастардың дамуын оң бағалады, сондай-ақ Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық танытты.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?