22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҮкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында азаматтардың экологиялық мінез-құлқын қалыптастыру үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кез келген азамат еліміздің киелі табиғатын аялап, тұрғылықты жерін абаттандыруға өз үлесін қоса алады. Ол үшін экологиялық мәдениет күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Барлық мемлекеттік органдар, бизнес пен бүкіл қоғам болып осы жұмыстарға белсенді атсалысуымыз қажет, — деді Олжас Бектенов.
Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы Париж келісіміндегі міндеттемелерге сәйкес, ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайту үшін тиімді шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді. Осыған байланысты Экология және табиғи ресурстар министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, қоршаған ортаға эмиссияларды бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізуді жедел аяқтау тапсырылды.
Премьер-министр қоршаған ортаға, әсіресе кәсіпорындар айналасында ауаға таралған зиянды газдарды азайтатын карбонды полигондар құру арқылы экожүйе қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды. Мұндай жобаларды іске асыру үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігіне заңнамалық түзетулер әзірлеу жөніндегі тапсырма берілді. Сонымен қатар Президенттің елді мекендерде ағаш отырғызу туралы тапсырмасын орындаудың маңызды екені атап өтілді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев