14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Денсаулық және Ішкі істер министрлігімен бірігіп жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
«Ит етіне қатысты мәселені зерттеп жатырмыз, бірақ кейбір маңызды тұстары да бар – санитарлық-эпидемиологиялық бақылау тарапынан тексеру жүргізілуі керек, оған қоса заңнаманы бұзу фактісі бойынша ҚР ІІМ тарапынан шаралар күтілуде. Біз де осы заң жобасын әзірлеген уәкілетті орган ретінде кеше ғана осы мәселені талқыладық. Менің ойымша, жақын арада біз ҚР ІІМ және Денсаулық сақтау министрлігімен әрі қарайғы шараларды әзірлеу үшін байланыс орнатамыз», - деп жауап берді министр Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.
Экология министрі жануарларды қорғау және қаңғыбас жануарлар мәселелері де өзекті болып тұрғанын айтты.
«Біз әкімдіктермен инфрақұрылымның болуы, қажеттіліктер бойынша айтарлықтай үлкен жұмыс жүргіздік. Жақын арада біз Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңды іске асыру бөлігінде қолайлы тетікті әзірлеу үшін зооқорғаушылармен және азаматтық қоғамның басқа да өкілдермен консультациялар бастаймыз», - деді Зүлфия Сүлейменова.
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды