22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЭкология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаев 2023 жылғы өрттердің салдарын жою жұмыстарымен танысу мақсатында Абай облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Каштак орман шаруашылығында министр ТЖМ әскери бөлімдерімен біріге отырып, күйген орманды тазарту жұмыстарының барысымен танысты. Министр ірі орман өрті салдарын жоюға қолдау көрсеткені үшін ТЖМ қызметкерлеріне алғысын білдірді. Сапар нәтижелері бойынша өрттен зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.
Успен орман шаруашылығында министр инвесторлар бригадалары жүргізіп жатқан өрттен зақымданған орманды тазарту жұмыстарының барысымен танысты. Талқылау барысында министр орман дайындау техникасын лизингке сатып алу мүмкіндігі туралы айтты.
Семей орманы резерватының Семейпалатин, Бородулыха және Новошульбин филиалдарының аумағын әуеден бақылау барысында орман екпелерінің орман патологиялық жағдайына визуалды баға беріліп, өсімдіктерді қорғау және карантині институтының ғалымдарымен бірлесе отырып, күйген ормандарға орман патологиялық мониторинг жүргізу, сондай-ақ өртке қарсы тоқсандық жолақтарды кеңейту мәселелері талқыланды. Резерваттағы тоқсандық жолақтардың ұзындығы 13,0 мың километрден асады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев