Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Екібастұз қаласына қосымша күштер мен құралдар жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Оған Астана қаласы, Ақмола, Жамбыл және Қарағанды облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттерінің құтқарушылары және 52859 әскери бөлімінің жеке құрамы енді. Бағытталған күштер мен құралдар жылыту құралдарымен (жылу пушкалары), электр қуатының дербес көздерімен, жарықтандыру аспаптарымен және байланыс құралдарымен жасақталған», - делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінде.
Қазір ТЖМ-нің күштері мен құралдары Екібастұз жылу желілерінің авариялық учаскелері бойынша бөлінді. Коммуналдық қызметтермен бірлесіп жылумен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар коммуналдық қызметтер мен мүделлі ұйымдардың жылыту пунктері орнатылды.
Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігінің Павлодар облысындағы бөлімшелері апаттың алғашқы күндерінен коммуналдық қызметтерге көмекке жұмылдырылды.
Ауруханаларда жатқан балалар мен пациенттерді Екібастұз қаласынан Павлодар қаласына эвакуациялауға көмек көрсетілді. Жертөлелерді жылыту мақсатында бензин генераторлары орнатылып, жылу пушкаларының жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, су басқан орындардан су сорып шығару үшін сорғылар қолданылды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?