Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек19 желтоқсаннан бастап Екібастұздағы барлық балабақшалар мен мектептердің басым бөлігі балалар мен оқушыларды қабылдайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі өзінің Instagram парақшасында өткен тікелей эфир кезінде айтты.
Барлық мектептердің ішінен тек №24 және №1 ЖОББМ-де қажетті параметрлерге қол жеткізе алмай отырмыз. Сол себепті аталған екі мектеп сәл кейінірек оқушыларды қабылдайды. Менің ойымша, 2-3 күнде жүйені толығымен жөндейміз. Біз жылуды қалыпқа келтіру бойынша қажетті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз, - деді Аян Бейсекин.
Ол қалада жылумен жабдықтау жүйесін теңестіруді жалғастыруда, сондықтан кейбір көпқабатты үйлер әлі де суық екенін атап өтті. Мұндай үйлерді «Екібастұзтеплоэнерго» тұрғын үй инспекциясы және жылу инспекциясы бөлімінің мамандары тексереді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін өңір басшысы Асайын Байханов білім беру мекемелерінің жұмысын жедел жандандыруды тапсырған болатын.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?