Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕкібастұзда есірткі жасырумен айналысқан жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екібастұз қаласында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында полицейлер кәмелетке толмаған оқушы қызды есірткі заттарын тарату кезінде ұстады. 16 жастағы қала тұрғыны синтетикалық есірткіге арналған жасырын қойма ұйымдастырмақ болған сәтінде қолға түсті.
Тергеу барысында анықталғандай, мектеп оқушысы мессенджерлердің бірінен оңай табыс уәде етілген хабарландыруға қызығып, байланыс орнатқан. Сол арқылы ол есірткі қаптамаларын таратуға тартылған. Жеке тінту кезінде қыздың сөмкесінен белгісіз зат салынған 15 дана изоляциялық таспамен оралған түйіншектер табылды. Сараптама нәтижесіне сәйкес, бұл заттардың жалпы салмағы 4 граммды құрайтын синтетикалық есірткі екені анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кету керек, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қылмыстық жауапкершілік жалпы жағдайда 16 жастан басталады. Алайда, ауыр және аса ауыр қылмыстардың кейбір түрлері, соның ішінде есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар үшін 14 жастан бастап жауапқа тарту қарастырылған. Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкерлері басқа мемлекеттік органдардың мамандарымен бірлесе отырып, білім беру мекемелерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Олар жасөспірімдерге қарапайым әрі түсінікті тілде есірткі қолданудың қандай қауіп-қатерге әкелуі мүмкін екенін, оңай ақша уәде етілген хабарландырулардың артында не тұрғанын және есірткі тарату үшін қандай заңдық жауапкершілік көзделетінін жеткізуде.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады