6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕкібастұзда М.Әуезов көшесіндегі сауда орталығының жоғарғы қабатындағы 150 шаршы метр аумақта аспалы төбе опырылып түсті. Сынықтар төмендегі үстелдердің үстіне шашылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Криминалды Қазақстан" Telegram-арнасының жазуынша, оқиға салдарынан кәмелетке толмаған үш бала мен екі ересек адам медицина қызметкерлеріне жүгінген. Олар түрлі жарақат алған.
Екібастұз қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне бес адам келіп қаралды. Олардың үшеуі 2008 және 2009 жылы туған кәмелетке толмағандар, – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінде.
Зардап шеккендерге амбулаториялық ем тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сауда үйі уақытша жабылды.
Бұған дейін ірі сауда орталығының аспалы төбесі опырылып түскені туралы жаздық.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі