Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодар облысының Екібастұз қаласында күкірт қышқылы төгілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат сәйкес, 28 тамызда кезекші Әскерилендірілген күзетшіден Екібастұз қаласы Екібастұз-2 станциясы, №6 жолда цистернадан күкірт қышқылының төгіліп жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен.
Тасымалданатын жүктің жалпы көлемі (күкірт қышқылы (құрамында 51% - дан аспайтын қышқыл бар)) 78,3 тоннаны (2 вагон) құрайды. Оқиға орнын полиция, әскери теміржол күзеті басқармасының қызметкерлері қоршауға алды. Жергілікті жерде мүдделі мемлекеттік органдар бөлімшесінің қызметкерлері мен тасымалдаушының өкілдері қатарынан Штаб құрылды. Күкірт қышқылының төгілуін тоқтатуға ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды.
28-29 тамызға қараған түні ТЖД Жедел құтқару жасағының күштері қауіптің алдын алды. Оқиға орнында күкірт қышқылын бейтараптандыру үшін пайдаланылған 37 тоннадан астам әк жеткізілді.
29 тамызда сағат 15-00-дегі жағдай бойынша күкірт қышқылын айдау аяқталды. Құрамында 15 адам бар «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері күкірт қышқылының төгілу учаскесін үйіп тастауға және кейіннен әкпен толтыруға кірісті. Күкірт қышқылымен толтырылған цистерналарды герметикалық жағу жүргізілді.
Аварияны жою жұмыстары жалғасуда. Төгілген қышқылдың жалпы көлемі сараптама жүргізілгеннен кейін белгіленеді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?