6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТарихы мен даму жолы еліміздегі ең ірі көмір кен орындарын игерумен тікелей байланысты Екібастұз қаласы салтанатты түрде Кеншілер күнін атап өтті. Дәл осы жерде Қазақстандағы барлық көмір көлемінің 60%-дан астамы өндіріледі және Екібастұздың әрбір тұрғынының өмірі де осы көмір өнеркәсібімен байланысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мерекелік іс-шараларды тамашалауға кеншілер, көмір саласының ардагерлері және қала тұрғындары жиналды. Оларды келе жатқан кәсіби мерекелерімен облыс әкімі Асайын Байханов құттықтады.
Екібастұз - бұл тарихы батырлық пен қажыр-қайраттың үлгісіне айналған кеншілер қаласы! Бүгінгі таңда өңірдің осы жауапты саласында 10 мыңнан астам адам еңбек етуде және бұл санның артында он мыңдаған отбасының тағдыры тұр. Сіздер қажырлы еңбектеріңізбен еліміздегі әрбір үйге жылу мен жарық сыйлап отырсыздар, - деді облыс басшысы.
Өңір әкімі облыстағы көмір өнеркәсібінің негізін қалауға атсалысқан еңбек ардагерлеріне алғысын білдірді.
Облыс әкімдігінің ақпаратында, салтанатты шарада аймақ басшысы өңір экономикасының дамуына қосқан үлестері үшін үздік кеншілерді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапаттады.
Екібастұздың орталық алаңындағы марапаттау рәсімі қазақстандық эстрада жұлдыздарының және арнайы қонақ – канадалық әнші K-Maro концертімен жалғасты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі